Басты бет / Жаңалықтар / Ауыл және орман шаруашылығы институтында Декан сағаты өтті
Ауыл және орман шаруашылығы институтында Декан сағаты өтті

Просмотров: 491

2026 жылғы 10 ақпанда С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде Ауыл және орман шаруашылығы институтының базасында дәстүрлі Декан сағаты ұйымдастырылды. 

Декан сағаты институттың ғылыми әлеуетімен таныстыру мақсатында ғылыми зертханаларға экскурсиядан басталды. Қатысушылар институттың заманауи ғылыми инфрақұрылымымен танысты.

Экскурсия барысында қатысушылар ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттарымен, өсімдіктердің молекулалық генетикасы,  тұқым шаруашылығы және тұқымтану,  молекулалық генетикалық талдау және өсімдіктерді қорғау, мал азығы сапасын зерттеу және жайылымдық экожүйені сақтау,  өсімдік қорғау биотехнологиясы зертханаларында орналасқан заманауи құрал-жабдықтармен, тәжірибелік жұмыстардың нәтижелерімен - «БиоКАТУ» ЖШС және өндіріс пен ғылымды интеграциялау мүмкіндіктерімен танысты.

Іс-шараның ресми бөлімінде Ауыл және орман шаруашылығы институтының директоры Гульмира Сатыбалдиева институттың қазіргі жағдайы, білім беру және ғылыми қызметтің негізгі жетістіктері туралы баяндап, университеттің стратегиялық трансформациясы аясындағы даму перспективаларына тоқталды.

Кездесу барысында: білім беру бағдарламаларын жетілдіру, ғылыми-зерттеу жұмыстарын күшейту, өндірістік серіктестікті дамыту, академиялық ұтқырлық пен халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.

Декан сағаты ашық форматта өтіп, қатысушылар өз сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдіруге мүмкіндік алды. Аталған іс-шара оқытушылардың ғылыми ортаға қызығушылығын арттырып, институттың даму бағытын айқындауға бағытталған маңызды диалог алаңына айналды.