Басты бет / Жаңалықтар / Біліктілікті арттыру курстарының өткізілуі туралы есеп
Біліктілікті арттыру курстарының өткізілуі туралы есеп

Просмотров: 349

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Академиялық мәселелер департаменті Жануарлар ғылымы және ветеринария институтымен (БББ «Ветеринария») бірлесіп, ветеринария саласының мамандарына арналған «Мал шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптау» тақырыбында біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырып, өткізді.

Оқыту онлайн форматта 2026 жылғы 21-29 мамыр аралығында жүргізілді.

Курстың мақсаты – мал шаруашылығы өнімдерінің ветеринариялық-санитариялық сараптамасы саласындағы кәсіби құзыреттерді қалыптастыру және жетілдіру, жануар тектес өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін бағалаудың заманауи әдістерін меңгерту, сондай-ақ тұтынушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тағам арқылы таралатын аурулардың алдын алу мақсатында қолданыстағы ветеринариялық-санитариялық нормаларды, стандарттар мен талаптарды тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастыру болды.

Оқытуды PhD, қауымдастырылған профессор Жанабаева Д.К. және PhD, қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы Айткожина Б.Ж. жүргізді.

Курс аясында тыңдаушылар келесі тақырыптарды меңгерді:

  • мал шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ветеринариялық қауіпсіздіктің рөлі;
  • заңнамадағы өзекті өзгерістер, жаңа талаптар және оларды тәжірибеде қолдану ерекшеліктері;
  • мал шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігіне қатысты нормативтік құжаттар;
  • жануарлардың жұқпалы, инвазиялық және жұқпалы емес аурулары кезінде мал шаруашылығы өнімдеріне жүргізілетін ветеринариялық-санитариялық сараптама;
  • ет өнімдерінің паразитологиялық қауіпсіздігі мәселелері, трихинеллоскопия және финнозды диагностикалау әдістері;
  • ет және ет өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бағалаудың заманауи әдістері.

Оқу барысында тыңдаушылар жануар тектес өнімдерге ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу саласында өзекті теориялық білім мен практикалық дағдыларға ие болып, нормативтік құжаттардың заманауи талаптарымен және тағам өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау әдістерімен танысты.

Оқу қорытындысы бойынша тыңдаушылар кәсіби даярлық деңгейін арттырып, ветеринариялық-санитариялық бақылауды тиімді жүзеге асыруға және мал шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын кеңейтті.

Білім беру бағдарламасын толық меңгеріп, курс талаптарын сәтті орындаған тыңдаушыларға біліктілікті арттыру курстарынан өткендігін растайтын белгіленген үлгідегі сертификаттар табысталды.