Басты бет / Жаңалықтар / Дакота университетінің түлегінен бір дәріс
Дакота университетінің түлегінен бір дәріс

Просмотров: 561

7 қазанда «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ сыртқы мамандардың дәрістері бағдарламасы аясында ветеринария, мал шаруашылығы және агрономия білім беру бағдарламаларының жоғары курс студенттері, магистранттары, докторанттары  «ОХМК» ЖШС жетекші әрі жас маманы Данияр Фаридович Абитаевпен «Болашақтың ауыл шаруашылығы» тақырыбында кездесу өткізді.

Данияр Фаридұлы Абитаев - Солтүстік Дакота мемлекеттік университетінің (АҚШ) түлегі ветеринариялық технология мамандығын аяқтаған жас және перспективалы менеджер, блогер, халыққа оның ішінде жастар үшін ауыл шаруашылығы өндірісінің маңыздылыңын жариялаумен айналысады.

Дәрісті Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проектор Р.Д. Абишеваның алғы сөзінен бастап, білім алушыларды Д.Ф. Абитаевтың қызметімен таныстырып, сондай-ақ аграрлық бейіндегі мамандықтардың келешегі жөнінде айтты.

Дәріс барысында спикер Данияр Фаридович аграрлық бағыттағы сала жөнінде және осы салада мамандықты таңдаудың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ ветеринар, зоотехник және агроном қызметінің ерекше қасиеттері мен қол жеткізетін нәтижелерін айтып, білім алушылармен бірге талқылады. Дәріскер еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін қозғап, аграрлық саланы дамыту перспективаларын, сондай-ақ мал шаруашылығы саласында перспективалы салалардың бірі ретінде жоғары білікті кадрларды даярлау қажеттігін атап өтті. Білім алушылар тарабынан сұрақтар қойылып, кері байланыс орнатылды, кәсіби мақсаттар қою кезінде әртүрлі  мәселелер бойынша белсенді пікірталас жүргізілді. Дәріс жоғары білікті деңгейде өтті.

Жалпы, дәріс өте қызықты, өзекті болды, дәріскердің тәжірибесінен келтірілген мысалдарды кез-келген маманның мансабында қолдануға болады.