Басты бет / Жаңалықтар / «Ең әдемі киім – ұлтыңның киімі»
«Ең әдемі киім – ұлтыңның киімі»

Просмотров: 427

Мемлекет басшысының 2024 жылғы Ұлттық құрылтай отырысында "студент жастармен жұмыс істеуге жалпыұлттық құндылықтарды енгізу" мақсатында және "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің" тапсырмасына сәйкес, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған іс-шараларды іске асыру мақсатында, бүгінгі күнді " Ұлттық киімді насихаттау күні" деп жариялады.

Сондықтан, бүгін С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ студенттері мен профессорлық-оқыушылық құрамы университетімізге ұлттық киімімізді насихаттау мақсатында ұлттық нақыштағы киім үлгісімен келіп, қыздарымыз көздің жауын алатын әшекейлерін таққан.

Жастар арасында ұлттық құндылықтарымызды насихаттау мақсатында Сейфуллин университетінде арнайы іс-шаралар өткізудің нәтижесінде соңғы кездері ұлттық нақыштағы киімдеріміз бен түрлі әшекейлерді заманауи талғамға сай үйлестіріп киіп жүрген жастар жетерлік.

Қазақтың ұлттық киімдері – өткен тарихымыз бен салт-дәстүріміздің, этнографиямыздың әдемі көрінісі. «Ең әдемі киім – ұлттық киім» дейді. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің түр-түсі мен үлгісі ерекше әдемі. Қарап отырсақ, соңғы кездері қазақ халқының ұлттық киімдері заманға сай түрленіп, қазақы сән үлгісіне күн сайын сұраныс артып келеді. Қазақтың ұлттық киім үлгілерінің даму тарихы ертеректегі дәуірлерге кетіп, ұлтымыздың мәдениетімен, салт-дәстүрімен тығыз байланыста екеніне көз жеткізуге болады. Әрбір халық үшін өзінің болмыс-бітімін айқындайтын  ұлттық киімдерін ұлықтау, оның өзіндік ерекшелігін сақтау, дұрыс киіну әдебін білу маңызды.