Басты бет / Жаңалықтар / Erasmus+ жобаларының Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды басқару саласындағы жоғары білімге әсері бойынша Кластерлік кездесу
Erasmus+ жобаларының Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды басқару саласындағы жоғары білімге әсері бойынша Кластерлік кездесу

Просмотров: 445

2025 жылдың 9 желтоқсанында Қазақстандағы Erasmus+ ұлттық кеңсесі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің (ҚР ҒЖБМ) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті мен Білім және мәдениет бойынша Еуропалық атқарушы агенттіктің қолдауымен Есиль университеті базасында қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды басқару саласындағы жоғары білімге Erasmus+ жобаларының әсері бойынша кластерлік кездесу ұйымдастырылды.

Кластерлік кездесуге С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті тарапынан Ауыл және орман шаруашылығы институтының директоры Сатыбалдиева Гульмира Калмашқызы және «Ландшафтық дизайн» білім беру бағдарламасының PhD, аға оқытушысы Китайбекова Сара Оразбекқызы қатысты.

Гульмира Сатыбалдиева «UnWaste жобасының әсері: “Қалдықтарды басқару” магистратура бағдарламасын әзірлеу және енгізу арқылы серіктес елдерде айналмалы экономиканы ілгерілету» атты баяндамамен сөз сөйледі. Кластерлік кездесу қатысушыларына 2025 жылдың 14 қаңтарында табысты аяқталған осы жобаның нәтижелері ұсынылды.

Жоба аясында «Табиғи ресурстарды тұрақты басқару» магистратура бағдарламасы әзірленіп, аккредиттелді (2023 ж. 26 маусымда жаңартылды, жоба аясында әзірленген 7 пән енгізілді).

Білім беру бағдарламасына: 2022 жылы – 3 магистрант, 2024 жылы – 2 магистрант, 2025 жылы – 2 магистрант (қысқы қабылдау) және 7 магистрант (жазғы қабылдау) қабылданды.

Алғашқы түлектер 2024 жылы дайындалып шықты (2 магистрант).

Университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен магистранттары ЭКА университетінде (Рига қ., Латвия), Висмар университетінде (Висмар қ., Германия), Таллин технологиялық университетінде (Таллин қ., Эстония) тағылымдамадан өтті.

Жоба аясында «Қалдықтарды басқару» орталығы құрылды (қалдықтармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықталған 5 ноутбук (Webaspx Waste Manager, Waste Logistics)).

С. Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ базасында 2023–2025 жылдары қалдықтарды басқару, қалдықтармен айналысу және айналмалы экономика мәселелері бойынша 5 ғылыми семинар өткізілді.

Университеттің ресми сайтында жоба және оның аясында ұйымдастырылған іс-шаралар туралы ақпарат берілген.

Ұйымдастырушы: Қазақстандағы Erasmus+ ұлттық кеңсесі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің (ҚР ҒЖБМ) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті мен Білім және мәдениет бойынша Еуропалық атқарушы агенттіктің қолдауымен.

Қатысушылар: Жоғары білім әлеуетін арттыру, Жан Моне, Erasmus Mundus Joint Masters (EMJM) және Erasmus Mundus Design Measure (EMDM) жобаларының үйлестірушілері, болашақ Erasmus+ жобаларының әлеуетті үйлестірушілері мен қатысушылары, университет өкілдері, зерттеушілер, сарапшылар.

Модератор: Лаура Палуанова, Қазақстандағы Erasmus+ ұлттық кеңсесінің үйлестірушісі