Басты бет / Жаңалықтар / Есірткіге  жол жоқ!
Есірткіге  жол жоқ!

Просмотров: 1658

           Ағымдағы жылдың 12  қарашасында  оқу ордамызда  «ESIRTKISIZ ELORDA - Дені сау ұрпақ» жобасын жүзеге асыру аясында  ҚАТЗУ білім алушыларымен  «Есірткіге тоқтау қою,  төтенше жағдайлар туралы әдейі жалған хабарламалар, сондай-ақ объектіні терроризмге қарсы қорғау» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесудің спикерлері – Астана қ. Полиция департаменті (экстремизмге және есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімі) полиция майоры  М. Сарсенбайулы,  полиция капитаны А.Г. Бралин және ПД жедел уәкілі А.М. Маратов құқық бұзушылықтардың алдын-алу, қылмыстың жазасы туралы жауаптылық, құқыққа қайшы әрекеттер мен әрекетсіздіктер, қауіпсіздік, құқықтық қорғалуы мен құқықтық сауаттылық деңгейін   арттыру   бойынша бейнероликтер мен слайдтарды көрсетіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Кездесудің соңында ПД қызметкерлері студенттерге «есірткі жолында» кездеспеуді ескертті. Іс-шараға  8 факультеттен  290 студент қатысты.

Оқу ордамызда салауатты өмір салтын насихаттауға, ғасыр дертімен күресуге, ұрпағымызды  зиянды әдеттерден сақтауға бағытталған  жүйелі жұмыстар өз жалғасын табатын болады.