Просмотров: 324
Оқу орнымызға ҚР-дағы Францияның Қазақстандағы елшілігіндегі Білім беру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өңірлік Атташе Ксавье Ле Торривеллек келіп, студенттермен кездесті.
Құрметті қонақ жастарға Франция туралы қысқаша ақпарат беріп, көпмәдениеттілік тәжірибесі жайында көптеген мәлімет берді.
«Франция мен Қазақстанның ұқсастықтары көп. Бізде де көптілділік және көпмәдениеттілік саясаты жүргізіліп келеді. Бұл әдіс демократиялық қоғамды дамытуда аса тиімді. Біздің елде дипломды сатып алу деген атымен жоқ. Жоғарғы білім адамның интеллектуалдық деңгейін көтеру үшін керек. Оқып жатқан кезде мамандық студентке ұнамай қалса, оқуды тоқтатып, жұмыс істеу мүмкіндігіне ие. Қазіргі кезде Францияда инженер мамандығы тапшы. Егер тіл білсеңіздер, аграрлық мамандық бойынша Францияда жұмысқа тұра аласыздар. Францияда бакалавриатқа оқуға түсу үшін француз тілін міндетті түрде білу керек. Ал, магистратураға түсу үшін ағылшын тілін білу жеткілікті. Негізінен мен сіздерге Францияның мемлекеттік университеттеріне түсуге кеңес беремін.
Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойылғанына 16 жыл толды. Достық пен өзара қолдауға негізделген осы ынтымақтастықты одан әрі нығайту – ортақ міндетіміз. Сондықтан француз тілін үйреніңіздер. Келесі кездесуде француз тілінде сөйлесейік?», - деді Ксавье Ле Торривеллек. Дәрістен кейін студенттер құрметті мейманға сұрақтар қойып жатты. Жастар Франция елі жайында, ондағы студенттік бағдарламалар мәселелері жайында сұрастырды.
Кездесуге С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық департаментінің басшысы Э.А. Утеубаева қатысып, жүргізіп отырды. Жастарды шет елдерден үйреніп, бәсекеге қабілетті болуға шақырды. Сонымен қатар қазіргі уақытта өзекті болып келетін мәселе ақша құнсыздануының мән-жайын түсіндіріп берді.
Кездесу соңында университет басшылығы шет елдік қонақтың дәрісі үшін алғысын білдірді.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.