Просмотров: 299
2026 жылғы 9 қазанда Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығына қарасты С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде «Қазақстанның солтүстік өңірлерінің АӨК әлеуеті және ауылдық аумақтардың орнықты дамуы: өңірлік ерекшеліктері мен мүмкіндіктері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференция «Ауылдық аумақтарды кеңістікте дамыту жағдайында АӨК әлеуетін іске асыруды зерттеу және ауыл халқының әл-ауқатын арттыру жөнінде ұсынымдар әзірлеу» тақырыбындағы AP23490441 гранттық ғылыми жоба аясында ұйымдастырылды. Іс-шараны Басқарма мүшесі – Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Жазира Жазықбаева ашып, конференция жұмысына сәттілік тіледі.
Жиын «Агротехнопарк» ғимаратының конференц-залында өтті. Оған отандық және шетелдік ғалымдар қатысып, бірқатар қатысушы онлайн форматта қосылды.
Баяндамашылар қатарында жоба жетекшісі, университеттің Бизнес және цифрлық технологиялар институтының қауымдастырылған профессоры, PhD Қайрат Бодаухан, Беларусь мемлекеттік аграрлық-техникалық университетінің профессоры Николай Яковчик, Токио аграрлық университетінің профессоры Синдзи Оники, Сеулдегі Корея университетінің профессоры Сон Су Лим, сондай-ақ Қазақстан, Моңғолия және Қытайдың зерттеушілері болды.
Конференцияда ауылдық аумақтарды орнықты дамытудың заманауи тәсілдері, агроөнеркәсіптік кешеннің ауыл халқының өмір сүру сапасын арттырудағы рөлі, ауыл шаруашылығы кооперативтері мен отбасылық фермерлік шаруашылықтарды дамыту мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар солтүстік өңірлердегі демографиялық және көші-қон үдерістері, жайылымдық жерлерді басқару және ауылдық аумақтардың экономикалық даму перспективалары талқыланды.
Халықаралық ғылыми кездесу зерттеу нәтижелерімен бөлісуге және ауылдық аумақтардың әлеуетін тиімді пайдалану жолдарын талқылауға мүмкіндік берді.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.