Басты бет / Жаңалықтар / Кадастр саласындағы магистранттардың Өзбекстан университетінде халықаралық тағылымдамадан өтуі
Кадастр саласындағы магистранттардың Өзбекстан университетінде халықаралық тағылымдамадан өтуі

Просмотров: 331

Халықаралық тағылымдаманы іске асыру және ғылыми ынтымақтастықты дамыту шеңберінде Жер ресурстары және сәулет институтының «Кадастр» БББТ 2 курс магистранттары Өзбекстан Республикасы «Ташкент ауыл шаруашылығын ирригациялау және механикаландыру инженерлері институты» Ұлттық Зерттеу университетіне барды. Тағылымдама 15.01.- 23.01.26 жылға дейін өтеді.

Тағылымдама барысында магистранттар халықаралық тәжірибені ескере отырып, оның ішінде Өзбекстан Республикасының мысалында магистрлік диссертациялар тақырыптарын талқылауға қатысады, кадастрлық жүйелерді дамытудың, Жер ресурстарын цифрландырудың және геоақпараттық технологияларды қолданудың заманауи тәсілдерімен танысады.

Дайындықтың практикалық құрамдас бөлігіне ерекше назар аударылады: білім алушыларға ГАЖ-орталықтардың, мамандандырылған зертханалардың, сондай-ақ кадастрлық және жерге орналастыру жұмыстарында пайдаланылатын қазіргі заманғы GNSS-жабдықтардың жұмысы көрсетілді.

Ғылыми және оқу бағдарламасынан басқа, магистранттар Ташкент қаласымен, оның тарихи-мәдени мұрасымен және қазіргі заманғы қала құрылысы дамуымен танысуға мүмкіндік алады, бұл жерді пайдалану мен аумақтық жоспарлаудың өңірлік ерекшеліктерін тереңірек түсінуге ықпал етеді.

Жер ресурстары және кадастр факультетінің басшылығына, профессор-оқытушылар құрамына жылы қабылдауы, тағылымдаманы ұйымдастырудың жоғары деңгейі және жемісті ғылыми өзара іс-қимылы үшін алғысымызды білдіреміз.

Алынған тәжірибе кадастр және жер ресурстарын басқару саласында жоғары білікті мамандарды даярлауға елеулі үлес болатынына сенімдіміз.