Басты бет / Жаңалықтар / ҚАТЗУ алғаш рет Times Higher Education әлемдік рейтингіне енді
ҚАТЗУ алғаш рет Times Higher Education әлемдік рейтингіне енді

Просмотров: 499

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті алғаш рет Times Higher Education World University Rankings2027 халықаралық рейтингіне енді.

 Рейтинг қорытындысы бойынша ҚАТЗУ әлем университеттері арасында 2001+ тобынан орын алды.

 2026 жылғы 30 қыркүйекте жарияланған THE World University Rankings 2027 рейтингіне әлемнің 118 елі мен аумағынан 2 297 университет енгізілген.

 Times Higher Education жоғары оқу орындарын білім беру сапасы, зерттеу ортасы, зерттеулер сапасы, индустриямен өзара байланыс және халықаралық ашықтық сияқты негізгі бағыттар бойынша бағалайды.

 ҚАТЗУ-дың әлемдегі беделді рейтингтердің біріне алғаш рет енуі университеттің халықаралық академиялық кеңістіктегі өкілдігін кеңейту жолындағы маңызды қадам болып табылады.