Басты бет / Жаңалықтар / ҚАТЗУ БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының бірқатар бағыты бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізді
ҚАТЗУ БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының бірқатар бағыты бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізді

Просмотров: 278

ҚАТЗУ БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары бойынша бірқатар бағытта жоғары нәтижелер көрсетті:

ТДМ 9 – «Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым» – 201–300 орын;

ТДМ 17 – «Тұрақты даму мүддесіндегі әріптестік» – 201–300 орын;

ТДМ 2 – «Аштықты жою» – 301–400 орын;

ТДМ 15 – «Құрлық экожүйелерін сақтау» – 401–600 орын;

ТДМ 13 – «Климаттың өзгеруіне қарсы күрес» – 601–800 орын.

Бұл көрсеткіштер аграрлық зерттеу университеті үшін айрықша маңызға ие. Аталған бағыттар азық-түлік қауіпсіздігі, инновациялар мен инфрақұрылым, экожүйелерді сақтау және климаттың өзгеруі мәселелерін қамтып, ҚАТЗУ-дың негізгі ғылыми-білім беру басымдықтарымен тікелей үндеседі.

Айта кетейік, университет 2025 жылы аталған рейтингке алғаш рет қатысып, 1501+ тобынан орын алған болатын.