Басты бет / Жаңалықтар / ҚАТЗУ-да академик Жасқайрат Сүндетұлы атындағы аудитория ашылды
ҚАТЗУ-да академик Жасқайрат Сүндетұлы атындағы аудитория ашылды

Просмотров: 530

2026 жылғы 9 қазанда Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығына қарасты С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде экономика ғылымдарының докторы, профессор, академик Жасқайрат Сүндетұлы атындағы аудиторияның салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Салтанатты рәсімге ҚАТЗУ Басқарма мүшесі – Provost Роза Әбішева қатысты. Сондай-ақ іс-шараға профессор-оқытушылар құрамы, студенттер, шақырылған қонақтар, Жасқайрат Сүндетұлының туған-туыстары мен жақындары қатысты.

№1427 аудитория университеттің Бас ғимаратындағы Бизнес және цифрлық технологиялар институтында орналасқан. Заманауи техникамен жабдықталған аудитория болашақ экономистерді оқытуға және жас зерттеушілерді даярлауға арналған.

Жасқайрат Сүндетұлының еңбек жолы Целиноград ауыл шаруашылығы институтында басталған болатын. Ол оқытушы, ғалым, кафедра меңгерушісі және декан қызметтерін атқарып, ғылымның дамуы мен білікті мамандар даярлау ісіне елеулі үлес қосқан тұлға.

Заманауи аудиторияның ашылуы ең алдымен студенттерді қолдауға және білім сапасын арттыруға бағытталған. Жаңа кеңістік білім алушыларға терең білім алуға, ғылыми зерттеулер жүргізуге және кәсіби дағдыларын дамытуға қосымша мүмкіндік береді. Ал академик Жасқайрат Сүндетұлының есімі ғылым мен университетке адал қызмет етудің үлгісі болмақ.