Просмотров: 369
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде Түркия Республикасынан келген Акдениз университеті делегациясының сапары жалғасын тапты.
Бүгін профессор Мустафа Чобан ҚАТЗУ институттарының директорларымен кездесті. Кездесу барысында профессор-оқытушылар құрамына Erasmus+ бағдарламаларына өтінім дайындау, сондай-ақ жобалық ұсыныстарды онлайн форматта ұсыну және сүйемелдеу бойынша онлайн курстар өткізу мүмкіндіктері талқыланды.
Сонымен қатар университет студенттері үшін Нильгюн Чобанның «Түркияның қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі мәселелері бойынша тәжірибесі» тақырыбында ашық дәрісі ұйымдастырылды. Дәріске қатысушылар Түркияның экологиялық саясат, тұрақты даму және климаттық сын-қатерлерге бейімделу бағытындағы тәжірибесімен танысты.
Сондай-ақ профессор Мустафа Чобан Erasmus+ жобаларына өтінім жазу бойынша консультация өткізіп, қатысушыларға бағдарламаның талаптары, жобалық ұсыныстарды әзірлеу және халықаралық серіктестікті дамыту мәселелері бойынша практикалық ұсынымдар берді.
Өткізілген кездесулер Акдениз университеті делегациясының ҚАТЗУ-ге сапары аясында жүзеге асырылып отыр. Мұндағы мақсат - жоғары оқу орындары арасында академиялық ынтымақтастықты нығайту және университеттің жобалық қызметін дамыту.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.