Басты бет / Жаңалықтар / ҚАТЗУ-де «Заң және тәртіп» қағидасы аясында студенттермен кездесу өтті
ҚАТЗУ-де «Заң және тәртіп» қағидасы аясында студенттермен кездесу өтті

Просмотров: 444

2026 жылғы 16 сәуір күні С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті «Бизнес және цифрлық технологиялар институты» 2-курс «6В04103-Бизнесті басқару және касіпкерлік» ББТ-сының 07-044-24-05, 07-044-24-06,  4-курс «6В04104-Digital маркетинг ББТ-сының 07-047-22-12 тобының студенттеріне арналған «Заң мен тіртіп» қағидасының аясында іс-шараны университеттің комплаенс-қызметінің жетекшісі К.А. Токушев ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізілді.

Кездесуге директорының орынбасары М.М.Илипов және білім беру бағдарламасының кураторы Ж.Ш. Нуртаева қатысты.

Кездесу барысында студенттерге университеттегі заң және тәртіп талаптары, оқу үдерісінің ерекшеліктері, жатақханада тұру ережелері, сондай-ақ жастар саясаты мен студенттердің әлеуметтік қолдауы туралы жан-жақты ақпарат берілді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

Сонымен қатар іс-шара аясында сыни ойлаудың маңыздылығы, ақпаратты саналы түрде қабылдау қажеттілігі кеңінен түсіндірілді. Интернет желісіндегі қауіпсіздік мәселелеріне, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таралатын алаяқтық және арбау әрекеттерінің қауіптілігіне ерекше назар аударылды.

Студенттер күмәнді ұсыныстарды ажырату жолдары, көмекке жүгіну тетіктері және арандату мен манипуляцияларға бой алдырмаудың маңыздылығы жөнінде құнды мәліметтер алды.

Кездесудің мақсаты білім алушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, парасаттылық пен адалдық қағидаларын насихаттау, бағыттау құқықтық сауаттылығын арттыруға және ақпараттық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.