Просмотров: 623
2026 жылдың 16 шілде күні Ақмола облысы Целиноград ауданының Нұресіл ауылында өсімдік және мал шаруашылығы саласындағы Қазақстандағы ең ірі салалық іс-шаралардың бірі – «Қазақстандық Jańa Dala / Green Day ’2026 Дала күні» мамандандырылған халықаралық көрмесі басталды.
Jana Dala / Green Day 2026 көрмесі – заманауи ауыл шаруашылығы технологияларын, селекциялық жетістіктерді, жоғары өнімді ауыл шаруашылығы техникасын, сондай-ақ ветеринария және органикалық егіншілік салаларындағы инновациялық әзірлемелерді таныстыратын еліміздегі ең ірі демонстрациялық алаң.
«Дала күні» форматындағы дәстүрлі көрме 2013 жылдан бері өткізіліп келеді. «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» және оның еншілес ұйымдары ғылымдағы соңғы жетістіктерін, ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттарын, сондай-ақ өнімді қайта өңдеу саласындағы әзірлемелерін таныстырды. Соның ішінде С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің ғалымдары да қатысып, ғылыми жетістіктерін ұсынды.
Көрмеге жыл сайын орта есеппен әлемнің 20-дан астам елінен 200-ден астам компания қатысып, оны 5 мыңнан астам қонақ тамашалайды. Қонақтар 500-ден астам заманауи ауыл шаруашылығы техникасын, өсімдік және мал шаруашылығы саласындағы инновациялық әзірлемелерді, цифрлық технологияларды, агродрондарды, роботтандырылған фермаларды және агроөнеркәсіп кешеніне арналған әлемдік озық шешімдерді тамашалады.
Көрме алқаптарында тракторлар, егіс кешендері, бүріккіштер және топырақ өңдеуге арналған жабдықтар сияқты заманауи ауыл шаруашылығы техникасы дала жағдайында іс жүзінде көрсетілді. Мал шаруашылығы бағдарламасы аясында Ангус, Әулиекөл, Герефорд, Қазақтың ақбас сиыры, Қалмақ және Обрак тұқымдарының асыл тұқымды малдары арасында байқаулар мен тұқымдық мал көрсетілімдері өтетін болады.
Jana Dala / Green Day 2026 – ертең яғни екінші күні Орталық Азиядағы органикалық өндірісті дамыту мәселелеріне арналған «ORGANIC CENTRAL ASIA 2026» форумы, сондай-ақ FASEP жобасы аясында тұрақты ауыл шаруашылығы саласындағы Қазақстан мен Франция арасындағы ынтымақтастыққа арналған конференция өтеді деп күтілуде.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.