Просмотров: 374
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде ҚАТЗУ мен Астана қаласы әкімдігінің Психологиялық қолдау орталығы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Құжат жастардың психологиялық денсаулығын нығайтуға, студенттерге қолдау көрсетуге, сондай-ақ бірлескен әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға бағытталған. Айта кету керек, жоғары оқу орындары арасында Орталықпен ынтымақтастық туралы меморандум алғаш рет ҚАТЗУ-мен жасалып отыр.
Іс-шараға ҚАТЗУ Басқарма мүшесі – әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Жазира Жазықбаева, Астана қаласы әкімдігі Психологиялық қолдау орталығының басшысы Гүлмира Қапанова, Орталық басшысының орынбасары Нұрперзент Кәрібеков, сондай-ақ департамент директорлары, құрылымдық бөлімше басшылары мен университет өкілдері қатысты.
Кездесу барысында тараптар жастарды қолдауға бағытталған бірлескен іс-шаралар, консультациялар, тренингтер мен әлеуметтік жобаларды өткізу мәселелерін талқылады.
Меморандумға қол қою жастардың психологиялық әл-ауқатын қолдау саласындағы серіктестікті нығайту жолындағы маңызды қадам болды. ҚАТЗУ Орталықтың алғашқы жоғары оқу орны серіктесі ретінде студенттер үшін қолайлы, қауіпсіз әрі қолдаушы орта қалыптастыру бағытындағы жұмысты жалғастырады.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.