Басты бет / Жаңалықтар / ҚАТЗУ «Study in Kazakhstan» республикалық көрмесіне белсенді қатысуда
ҚАТЗУ «Study in Kazakhstan» республикалық көрмесіне белсенді қатысуда

Просмотров: 269

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Study in Kazakhstan» ауқымды республикалық білім беру көрмесіне белсенді қатысуын жалғастыруда.

Көрме 2026 жылғы 7 сәуірде Астана қаласында басталып, еліміздің 14 қаласын қамтып, 50-ге жуық жетекші жоғары оқу орнын және 10–11 сыныптың мыңдаған оқушысын біріктіреді.

ҚАТЗУ Павлодар, Семей және Өскемен қалаларында өткен көрмелерге де белсенді қатысуда. Павлодар қаласында көрме Торайғыров университеті базасында өтіп, оған 2000-нан астам мектеп оқушысы қатысты. Семей қаласында Шәкәрім университетінде ұйымдастырылған көрмеге 3000-нан астам оқушы жиналды. Ал Өскемен қаласында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті базасында өткен іс-шараға 1500-ден астам мектеп оқушысы қамтылды.

Жобаның негізгі мақсаты – талапкерлерді Қазақстандағы жоғары білім алу мүмкіндіктерімен таныстыру және болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағыт беру.

Көрмелер барысында университет өкілдері талапкерлермен белсенді кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді. Болашақ студенттерге білім беру бағдарламалары, оқу артықшылықтары, қабылдау шарттары және кәсіби даму мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат ұсынылды. Әсіресе, жеке консультациялар барысында талапкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, мамандық таңдауда нақты бағыт-бағдар алды.

Іс-шаралар жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтіп, қатысушылардың белсенділігімен ерекшеленді. Оқушылар университетке ерекше қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, толыққанды ақпарат алып, оқуға түсуге ниет білдірді.

Павлодар, Семей және Өскемен қалаларындағы «Study in Kazakhstan» көрмесіне қатысу университеттің танымалдылығын арттыруға, имиджін нығайтуға және болашақ студенттер қатарын қалыптастыруға тиімді мүмкіндік болды.