Просмотров: 304
Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті UI GreenMetric World University Rankings 2026 халықаралық рейтингінде айтарлықтай өсім көрсетті.
2026 жылдың қорытындысы бойынша ҚАТЗУ 6237,5 балл жинап, әлемде 793-орынға ие болды.
Өткен жылы университет аталған рейтингте 1065-орында болған. Осылайша, ҚАТЗУ небәрі бір жылдың ішінде өз көрсеткішін 272 позицияға жақсартты.
UI GreenMetric университеттердің тұрақты даму мен «жасыл» кампус қағидаттарын жүзеге асырудағы қызметін бағалайды. Рейтингте инфрақұрылым мен аумақты абаттандыру, энергетика және климаттың өзгеруі, қалдықтар мен су ресурстарын басқару, көлік, сондай-ақ тұрақты даму саласындағы білім мен зерттеулер ескеріледі.
Рейтингтегі жоғары динамика ҚАТЗУ-дың экологиялық жауапты инфрақұрылымды дамыту, тұрақты даму қағидаттарын білім беру мен ғылымға енгізу және заманауи университеттік ортаны қалыптастыру бағытындағы жүйелі жұмысының нәтижесін көрсетеді.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.