Просмотров: 411
2025 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстандағы Erasmus+ ұлттық кеңсесі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі (ҚР ҒЖБМ) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің және Білім мен мәдениет жөніндегі Еуропалық атқарушы агенттіктің қолдауымен
Есіл университетінің базасында Erasmus+ бағдарламасының Қазақстандағы Ақпарат күнін ұйымдастырды. Ақпараттық күнге С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті тарапынан Ауыл және орман шаруашылығы институтының директоры Гүлмира Сатыбалдиева және «Ландшафттық дизайн» білім беру бағдарламасының PhD, аға оқытушысы Сара Қытайбекова қатысты.
Гульмира Сатыбалдиева «EduFusion жобасы мысалында құрылымдық реформаларды іске асыру бойынша ұсыныстар» атты баяндама жасады. Шара барысында Erasmus+ бағдарламасының ақпарат күніне қатысушыларға EduFusion жобасының алғашқы жылы іске асырылған нәтижелері ұсынылды.
Edu-Fusion тұрақты өсу желісі (EduFusion NSG) жобасы Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесін жаңғыртуға бағытталған.
Жобаның мақсаты – индустрия мен академиялық орта арасындағы байланысты нығайту, оқытушыларды оқыту және сертификаттау, сондай-ақ еңбек нарығының талаптарына жауап беретін онлайн курстарды ұсыну арқылы елде кәсіпкерліктің орнықты дамуын қамтамасыз ететін экожүйе құру.
Күтілетін нәтижелер:
Мақсатты топтар: білім алушылар, оқытушылар, жұмыс берушілер, тәлімгерлер.
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің командасы TDSS оқытушыларын даярлау және сертификаттауға бағытталған 3-ші жұмыс пакетін (WP3) іске асыруға жауапты.
EduFusion Network for Sustainable Growth жобасы аясында қатысушылар серіктес жоғары оқу орындарының базаларында ұйымдастырылған семинарларға қатысты. Алғашқы кездесу 2025 жылдың 14–17 қаңтары аралығында Порту қаласында өтті. Одан кейінгі семинарлар: 2025 жылдың 22–24 шілдесінде Виго университетінде, 10–12 қыркүйекте академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінде, сондай-ақ 5–7 қараша аралығында Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінде ұйымдастырылды.
Ұйымдастырушы: Қазақстандағы Erasmus+ ұлттық кеңсесі Қазақстан
Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі (ҚР ҒЖБМ) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің және Білім мен мәдениет жөніндегі Еуропалық атқарушы агенттіктің қолдауымен.
Қатысушылар: ЖОО ректорлары, проректорлары, профессор-оқытушылар
құрамы, әкімшілік қызметкерлер, басқа да мүдделі тараптар мен ұйымдар.
Модератор: Лаура Палуанова, Қазақстандағы Erasmus+ ұлттық кеңсесінің
үйлестірушісі
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.