Басты бет / Жаңалықтар / ҚазАТУ ерікті жастары «Қанаттылар» инклюзивті театрына мерекелік кеш сыйлады
ҚазАТУ ерікті жастары «Қанаттылар» инклюзивті театрына мерекелік кеш сыйлады

Просмотров: 852

     С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің белсенді студенттері Халықаралық театр күніне орай ерекше шара ұйымдастырды. Университеттің ерікті жастары «Қанаттылар» инклюзивті театрына арнап мерекелік концерттік бағдарлама қойып, театр ұжымына жылы лебіздері мен қолдауларын білдірді.

     Шығармашылыққа жаны жақын жастар өз өнерлерін ортаға салып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Осы кеште олар ерекше жандардың өнерге деген махаббаты мен өмірге құштарлығына тағы бір мәрте куә болып, үлкендердің батасы мен алғысын алды.

     Бұл игі шара университеттің ерікті студенттері үшін де, «Қанаттылар» театрының әртістері үшін де ұмытылмас мереке болды.