Басты бет / Жаңалықтар / ҚазАТЗУ екінші жыл қатарынан білім гранттарының саны бойынша үздік үштікте!
ҚазАТЗУ екінші жыл қатарынан білім гранттарының саны бойынша үздік үштікте!

Просмотров: 1801

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті екінші жыл қатарынан Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында 3-орынға ие болды. 2026–2027 оқу жылына арналған білім гранттары бойынша біздің көрсеткіш — 3 835 грант!

Университеттің тұрақты жоғары нәтижесі — үлкен командалық еңбектің жемісі. Әрбір жетістіктің артында оқытушылар мен қызметкерлердің кәсібилігі, студенттердің білім мен дамуға деген ұмтылысы, сондай-ақ бүкіл университет қауымдастығының бірлігі тұр.

Жаңа студенттерімізді ерекше қуанышпен қарсы аламыз! Барлық білім грантының иегерлерін шын жүректен құттықтаймыз! Университеттегі оқу сіздер үшін үлкен мүмкіндіктердің, жарқын жаңалықтардың және болашақ кәсіби жетістіктердің бастауы болсын.

Университетіміздің дамуына үлес қосып жүрген әрбір жанға алғыс білдіреміз. Екінші жыл қатарынан үздік үштікте болу — біз үшін маңызды нәтиже әрі алға ұмтылуға үлкен серпін. Жаңа мақсаттар қойып, биік белестерді бірге бағындыра берейік. Тек алға!