Басты бет / Жаңалықтар / «Kitap Time — 2024» кітап фестивалі
«Kitap Time — 2024» кітап фестивалі

Просмотров: 893

Ұлттық академиялық кітапхада «Kitap Time - 2024» ІІІ Бүкіл республикалық кітап фестивалі өтті.

Іс-шара Ұлттық кітапхананың 20 жылдығына арналды. Сонымен қатар кітап оқуды насихаттау және пайдаланушылардың мәдени құндылықтарын нығайту мақсатында ұйымдастырылды. Бұл шараға С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ студенттері де белсене қатысты. Атап айтқанда, ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультеті –21-08 тобы, энергетика факультеті –23-03 тобы, компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім факультеті – 24-07 тобы және 24-07 Б.топтары қатысты. Бүкілреспубликалық кітап фестивалі аясында «Фолиант», «Абай» секілді түрлі басылымдардың, Беларусь және Иран елшіліктерінің, қолөнершілер мен суретшілер павильонының қатысуымен кітап көрмесі, буккроссинг, лекциялар, тренингтер, шеберлік сыныптары өтті.

Б057 «Ақпараттық технологиясы» 24-07, 23-03 топ студенттері «Кітаптану» сайысына қатысты. Турнирге білімді оқушылар қатысып, кітап жүлделеріне ие болды. Біз осы студенттеріміз Ғанибаева Ұлбосын, Назарғали Абат, Серік Әділжан, Аралбай Нұрасылды құттықтаймыз.