Басты бет / Жаңалықтар / Құқықтық сауаттылық - сенімділік кепілі
Құқықтық сауаттылық - сенімділік кепілі

Просмотров: 1544

Тәрбие-әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен 2024 жылғы 5 желтоқсанда «Астана – есірткісіз қала» жобасы аясында жастар арасында есірткіге қарсы күрес пен оның зиянды салдарын түсіндіруге арналған кездесу өтті.

Кездесу барысында «Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы» аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Алия Кибатқызынан қатысушылар есірткінің денсаулық пен қоғамға зиянды әсері, заңдық жауапкершілік және дұрыс өмір сүру дағдыларын қалыптастыру туралы жан-жақты ақпарат алды.

Сонымен қатар, Астана қаласы Сарыарқа ауданы прокуратурасының бөлім прокурорлары Бейсенбай Қасымжомарт Батыржанұлы, Рахман Асқар Манасұлы студенттерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесіндегі прокуратураның орны мен рөлі туралы және құқықтық мәдениет құндылықтары мен «заң үстемдігі» қағидаттары егжей-тегжейлі түсіндірілді.

         Сарыарқа ауданы полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы. Кәбір Ғалымжан Қайырлыханұлы қазіргі таңда көп тараған қылмыс түрлері, қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылықтар, заңға қайшы әрекеттер жасау барысында қолданылатын жазалар жөнінде баяндады. 

Кездесуге 280 студент қатысты.

Бұл іс-шара жастардың құқықтық және әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған маңызды кездесу болды.