Басты бет / Жаңалықтар / «Күміс университет» оқуға шақырады
«Күміс университет» оқуға шақырады

Просмотров: 872

"С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті" КеАҚ «Күміс университет» бағдарламасы бойынша біліктілігін арттырғысы келетін зейнеткерлер мен зейнет жасы алдындағы тұлғаларды оқуға қабылдайтынын хабарлайды.

Оқыту курстары күндізгі, қашықтықтан және/немесе, аралас форматта өткізілетін болады.

 

Оқу келесі бағыттар бойынша жүзеге асады:

1. ДК пайдаланушысы

2. Заманауи мобильді қосымшалармен және гаджеттермен жұмыс

3. EGOV порталымен жұмыс

4. Психология

5. Шешендік өнер

6. Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы

7. Гүл өсіру

8. Желілік маркетинг

9. Интернетте жұмыс істеу

 

Біздің мекен-жайымыз: Астана қаласы, Жеңіс данғылы, 62 үй, №1326 кабинет.

Қосымша ақпарат: 8 (7172)-49-78-34