Басты бет / Жаңалықтар / ҚАТУ командасы ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL жеңімпазы атанды!
ҚАТУ командасы ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL жеңімпазы атанды!

Просмотров: 7609

Пуэрто-Рикодағы әлем чемпионатына жолдаманы ENACTUS Kazakhstan Ұлттық байқауында ҚАТУ командасы жеңіп алды.

Байқау аясында «Жерге қамқорлық, адамдарға қамқорлық» бағдарламасы аясында үздік әлеуметтік жобаға арнайы сыйлық тағайындалды. Ал ҚАТУ командасы сол жүлденің иегенрі атанды! Бұл жеңіс команда мүшелерін 2 миллион теңге көлемінде сыйақы мен қуантты. Сонымен қатар, «Олжа-Агро» серіктестігі 50-ден 100-ге дейін шаруа қожалығын қолдау мақсатында «Құс шаруашылығы: ауладан үстелге дейін» жобасын жүзеге асыруға инвестиция салуға дайын екенін білдірді. Тағы бір жеңіс – бұл жолы «Сәтті жоба» номинациясы болды. Бұл жобада да да жеңіс ҚАТУ командасына  бұйырды. Шараның демеушісі KMF-Демеу атынан біздің командаға тағы да 1 миллион теңгенің сертификаты табыс етілді.

Осылайша елордада ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO студенттік кәсіпкерлік, стартаптар және инновациялар саласындағы ұлттық байқаулар аяқталды. «Құс: ауладан дастарханға дейін» жобасымен ҚАТУ командасы осы ғылыми жарыстардың жеңімпазы атанды. Бас жүлде – ұлттық кубок – университет командасына Пуэрто-Рикодағы ENACTUS әлем чемпионатына қатысу құқ береді.

ENACTUS халықаралық бағдарламасы әлемде студенттік кәсіпкерлікті дамыту бойынша 45 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Халықаралық компаниялардың басшылары бизнес-жобаларды жүзеге асыру бойынша жастардың бастамаларын белсенді түрде қолдайды.

Жыл сайын 35 елде 1800 университет және 72 000-нан астам қатысушы үздік стартап жоба байқауына қатысады. ENACTUS әлеуметтік, экологиялық және экономикалық жобаларын бизнес көшбасшыларын қолдайтын 100-ден астам қазақстандық университеттер мен мектептер бар. Олар үшін бұл жылдың басты оқиғасына айналды.

       2021 жылдың қараша айында Алматыда «Олжа-Агро» серіктестігінің «Жер қамы, ел қамы» байқауы басталды. Еліміздің барлық университеттерінен 40 жоба қатысты. Жобаны сәтті қорғағандар ішінде ҚАТУ командасы жартылай финалға өтті. Дауыс беру нәтижесі бойынша жігіттер жартылай финалда 1 орын алып, финалға шықты. Осылайша Radisson Hotel Astana төрінде екі күн бойы ақыл мен ойдың «шайқасы» өткен болатын.

-ENACTUS өмірді жақсарту үшін инновациялар мен креативтілікті қолданатын бизнес көшбасшыларының жаңа буынын дайындайды, - дейді ENACTUS KAZAKHSTAN президенті Альбина Ержанова.

Альбина Ержанованың бұл сөздердерін ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуды қолдаған және қала халқын сапалы өніммен қамтамасыз етуге бағытталған ҚАТУ «Құс: ауладан дастарханға дейін» жобасының жүзеге асырылуы дәлелдейді.

Жеңіс құтты болсын КАТУ!