Басты бет / Жаңалықтар / Комплаенс - бақылау және корпоративтік әдеп жөніндегі кеңестің жоспарлы отырысы
Комплаенс - бақылау және корпоративтік әдеп жөніндегі кеңестің жоспарлы отырысы

Просмотров: 981

2025 жылдың 13 ақпанында комплаенс-қызметінің басшысы Қ.А. Токушевтың төрағалығымен С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде комплаенс - бақылау және корпоративтік әдеп жөніндегі кеңестің жоспарлы отырысы өтті.

Кеңес отырысына декандардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары шақырылды.

Күн тәртібінде Жер ресурстарын басқару, сәулет және дизайн факультетінің және Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультетінің 2024-2025 оқу жылына арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кешенді жөмыс жоспарының орындалысы туралы есептері тыңдалды.

Сонымен қатар, Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі департаментінің жұмысы туралы және студенттердің сыбайлас жемқорлық деңгейін қабылдауылары бойынша жүргізілген бүркемелі сауалнама қорытындысы туралы ақпарат берілді.

Аталған сұрақтар бойынша кеңес мүшелері баяндамашылардың есептерін ескере отырып, тиісті ұсыныстар қабылдады.