Басты бет / Жаңалықтар / Құрметті әріптестер, қадірлі студенттер және ардақты ардагерлер!
Құрметті әріптестер, қадірлі студенттер және ардақты ардагерлер!

Просмотров: 321

Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

 

Бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр да қасіретті кезеңдердің бірі болған соғыстағы Жеңістің, ерлік пен қаһармандықтың, батылдық пен бірліктің символы. Біз бүгін бейбіт өмір сүріп, тәуелсіз елдің ұрпағы атанып отырсақ, ол – майдан даласында жанын қиған боздақтар мен тылда тынымсыз еңбек еткен жандардың өлшеусіз еңбегінің арқасы.

Ұлы Жеңіс – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын тарихи тағылым. Батырларымыздың ерлігі ешқашан ұмытылмайды, олардың рухы бізге әрдайым күш-қуат береді. Біз ардагерлерімізге мәңгі қарыздармыз және олардың ерлігін құрметтеу – қасиетті парызымыз.

Бүгінгі ұрпақтың міндеті – бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау, ел тәуелсіздігін нығайту және ата-баба аманатына адал болу. Осы жолда білім мен ғылымның, саналы тәрбие мен жауапкершіліктің маңызы зор.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті ұжымы ел болашағы үшін білікті мамандар даярлап, отансүйгіш, парасатты жастарды тәрбиелеуде аянбай еңбек ете береді.

Қадірлі ардагерлер, сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін! Баршаңызға бейбіт өмір, амандық пен бақ-береке тілеймін!

 

Жеңіс күні құтты болсын!

Елімізде әрдайым тыныштық пен береке орнасын!

 

Ізгі тілекпен,

Қанат Тіреуов

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің

Басқарма Төрағасы – Ректоры,

ҚР ҰҒА академигі