Басты бет / Жаңалықтар / Құрметті Сейфуллин университетінің студенттері мен оқытушылары!
Құрметті Сейфуллин университетінің студенттері мен оқытушылары!

Просмотров: 1305

Білім күні мерекесімен тұспа-тұс келген 2025-2026 жаңа оқу жылымен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Баршаңызды Білім күнімен құттықтай отырып, осы оқу жылы біздің студенттерге өз қабілеттері мен таланттарын шыңдайтын жыл болсын деп тілеймін. Әр күндеріңіз жаңалықтарға толы болсын!

Құрметті оқытушылар, сіздердің қажырлы еңбектеріңізге табыс, өздеріңізге зор денсаулық пен оптимизм тілеймін!

Білім күні студенттеріміздің Сейфуллин университетіне биік арман-мақсаттарға қадам басқан күні болсын.

Қайырлы жол тілеймін!

Ізгі тілекпен,

С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ Басқарма төрағасы-Ректоры, ҚР ҰҒА академигі Қ.М.Тіреуов