Просмотров: 1689
Қай кезде де қыз бала тәрбиесі қоғамда үлкен орын алады. Қазіргі қарбалас заманда қыздарды жан-жақты тәрбиелеу – уақыт күттірмейтін мәселе. Әрбір елдің өміріндегі шешуші кілт – қыздарға берілетін тәлім тәрбие арқылы өлшенеді.
Студенттік өмірде өнегелі істер мен сыпайылық қарым-қатынаста тәрбиеленген қыздар, болашақта өз ұжымында, қоғамда, отбасында жақсы жақтарымен көпшілік құрметіне бөленері сөзсіз.
Осы орайда Тәрбие-әлеуметтік жұмыс жөніндегі департаменті мен Мәдени-бұқаралық жұмыс жөніндегі департаментінің қызметкерлері 2024 жылы 20 қыркүйек - 20 қазан аралығында студенттік жатақханаларда тұратын қыз балалармен «Қыз бала тәрбиесі» тақырыбында ашық әңгіме форматында кездесулер өткізілді. Дәріске жалпы 871 қыз балалар қамтылды. Арнайы мамандар мен қызметкерлер адами құндылықтар мен қасиеттерді жеке-жеке талдап түсіндірді. Атап айтқанда: қыз балаға қоғамда әлем-жәлем киінбеу, университет дресс-кодын сақтауды, өсек-өтірік айтпауды, өнерді меңгеруге ұмтылуды, ұлттық құндылықтарды дәріптеуді өзінен бастау керектігін айтты.
Тәрбие-әлеуметтік жұмыс жөніндегі департаменті қызметкерлері: әрбір азаматша жеке бас гигиенасын және салауатты өмір салтын сақтау, қаржылық сауатты болу, жалқау болмау, ұйқыдан ерте ояну, спирттік ішімдік пен темекі шегуден т.б. зиян келтіретін нәрседен аулақ болу, қылмыстық әрекетке бармау (бұзақылық, ұрлық, алаяқтық, бопсалау т.б.) арқылы өзін тәрбиелей алатынын түсіндірді.
Сонымен бірге психолог мамандарымыз: қыз бала амандасу, сәлемдесу әдебін орындағанда, орынсыз әр нәрсеге еліктемегенде, әдепсіздік пен азғындық жолға бармағанда, үлкендерді, ер азаматтарды сыйлау, құрметтеу, алдын кеспеу әдебін сақтағанда ғана болашақ отбасын бақытты ете алатыны туралы ақыл-кеңестерін берді.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.