Басты бет / Жаңалықтар / Ұлттық құндылықтарды насихаттау
Ұлттық құндылықтарды насихаттау

Просмотров: 1650

Кеше, «Қазақтың салт-дәстүрінің тәрбиелік маңызы мен психологиялық мәні» тақырыбында студенттермен кездесу өтті. Кездесуге ұлттық құндылықты дәріптеуші, тарихшы, этнолог, ҚР Журналистер одағының  мүшесі, «Қара шаңырақ»  ҚБ директоры Шәкен Тұрар Сәттарқызы шақырылды. 

Кездесу барысында Тұрар Сәттарқызы жастарға ұлттық құндылықтарды дәріптеп, жастарға  қазақтың көне салт дәстүрлерін жіктеп, әсерлі мазмұнда айтып берді. Ұлт жанашырының сұрақтарына белсенді жауап берген білім алушыларға ынталандыру сыйлықтары табысталды. Іс-шара соңында студенттер қадірлі қонағымызбен естелік суретке түсті.

Осындай рухани-танымдық дәрістердің  жастар үшін  әсері мол, өйткені  олар  болашағымызға, ұрпағымызға алаңдамауға сенім туғызады.