Басты бет / Жаңалықтар / Мейірімділік пен жанашырлық
Мейірімділік пен жанашырлық

Просмотров: 1345

Экономика факультетінің “Менеджмент және басқару” мамандығының 07-044-24-03 тобы қайырымдылық шарасын өткізді

2025 жылғы 24 ақпанда Экономика факультетінің “Менеджмент және басқару” мамандығының 07-044-24-03 тобы “Ең қайырымды факультет” акциясы аясында игі іс атқарды. Қайырымдылық шарасы Алматы ауданы, Сороковая станциясында тұратын жалғызбасты қарттарға арналды.

Іс-шара барысында студенттер қарияларды қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етіп, үй шаруасына қолғабыс етті. Бұл игі бастама мейірімділік пен жанашырлықтың жарқын үлгісі болды.