Басты бет / Жаңалықтар / Қазақстан Республикасы футбол Федерациясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
Қазақстан Республикасы футбол Федерациясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Просмотров: 1386

Бүгін Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің басқарма төрағасы Қайрат Айтуғанов пен Қазақстан футбол Федерациясының президенті Адлет Барменқұлов ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Тараптар бірлескен жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру мақсатында елімізде футболды дамытумен бірге, өзара тиімді ықпалдастық мақсаттағы іс-қимылды барынша ынталандыруға  уағдаласты.  Сондай-ақ,  футбол менеджменті деңгейін арттыру мақсатында білім беру курстары мен түрлі  семинарларды ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмыстар жүргізу жоспарлануда.

Келісімнің басым бағыттарының бірі – футбол алаңдарында ойнайтын ойыншымен бірге мамандар даярлау болып отыр. Олардың қатарында  футбол менеджерлері мен жаттықтырушылар да бар.   Осы мақсатта Қазақстан футбол Федерациясы ҚАТУ түлектеріне зор мүмкіндік жасай отырып, арнайы жүргізілетін дәрістер негізінде тыңдаушыларға   C және D жаттықтырушы лицензияларын беру  көзделуде.   

Яғни, университет қабырғасында жаттықтырушы лицензиясын алған ҚАТУ түлектері ауылшаруашылық саласының сертификатталған маманы ретінде ғана емес, әлеуетті футбол жаттықтырушысы ретінде де зор мүмкіндікке ие болмақ.  

– Университетте студенттер арасында спорттың барлық түрлерін белсенді  насихаттайтын спорт клубтары бар. Ал футбол клубы бүгінде ерекше жолға қойылып  ізденісті талап етіп отырған саланың біріне айналатынына сенімім мол, - деді Қ.Айтуғанов өз сөзінде.

- Бізге футбол кадрлары, атап айтқанда, футбол алаңдарын күтетін мамандарға, футбол менеджерлері мен жаттықтырушылар өте қажет. Және осы бір осал тұсты нығайта түсуде университетпен бірлесек  келешекте нәтйжелі жұмыс атқаратынымызға сенімім мол, – деді А.Бәрменқұлов.