Басты бет / Жаңалықтар / ГРАНТ-2021 КОНКУРСЫНА ӨТІНІШТЕР ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ
ГРАНТ-2021 КОНКУРСЫНА ӨТІНІШТЕР ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Просмотров: 3402

Құрметті талапкерлер мен ата-аналар!

 

2022 жылғы 13 шілдеден бастап мамыр-маусым айлары аралығында ҰБТ-ны сәтті тапсырған талапкерлерден жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру гранттары конкурсына өтініштер қабылдау басталды. Өтініштерді қабылдау 20 шілдеге дейін жалғасады.

Өтініштерді қабылдау Ұлттық тестілеу орталығының порталы арқылы жүзеге асырылады, онда сізден өтінімді жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларының техникалық хатшылары береді. Техникалық хатшыларға оффлайн және онлайн форматта жүгінуге болады.

Оффлайн форматта қабылдау комиссияларына барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, сондай-ақ ЖОО орналасқан өңірдегі ковид-жағдай бойынша ережені ескере отырып келу қажет.

Онлайн форматта техникалық хатшыларға Виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы жүгінесіз, яғни оларға ZOOM-да қосылу арқылы. Виртуалды қабылдау комиссиясына сілтеме университетіміздің сайтында  орналастырылған www.kazatu.edu.kz..

Білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін өтініште оқуға түсуші өзі таңдаған жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының топтарын және ЖОО-ны көрсетеді. ҰБТ бейіндік пәндері сәйкес келген жағдайда өтініш беруші білім беру бағдарламаларының төрт тобына дейін көрсете алады.

Гранттар конкурсына қатысу үшін мемлекеттік білім беру грантын беру қағидаларына сәйкес рұқсат етілген шекті балл (ҰБТ нәтижесі бойынша) болуы қажет, ҚР Үкіметінің 23.01.2008 ж. № 58 Қаулысы. https://adilet.zan.kz/rus/docs/P080000058_).

"2022-2023 оқу жылына арналған білім беру бағдарламаларының топтары бөлінісінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу туралы" ҚР БҒМ 2021 жылғы 2 шілдедегі № 316 бұйрығымен республика бойынша бөлінген гранттардың саны туралы ақпаратпен Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінің "Әділет" сайтында танысуға болады"(https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100023268).

Білім беру гранты иегерлерінің тізімі 5 тамыздан кейін бұқаралық ақпарат құралдарында және ресми сайттарда жарияланады.

Талапкерлерге таңдаған ЖОО-да таңдаған мамандығы бойынша грантқа түсуге сәттілік тілейміз!