Просмотров: 83
Мүшел жас - қазақ халқының адам жасын есептеу үлгісі. Дәстүрлі қазақ қоғамында баланың 13 жасқа толуы алғашқы Мүшелі деп саналады, яғни бір мүшелді толтыру. Одан кейінгі Мүшел жасы әр 12 жыл қайталанған сайын есептеліп толып отырады. Ол 25-ке толғанда екі мүшел, 37-ге толғанда үш Мүшел, 49-ға келгенде төрт Мүшел, 61-ге келгенде бес Мүшел деп есептеледі. Халықтың адам өмірін кезеңдерге бөлуіне байланысты қалыптасқан шартты түрдегі бөліністері мен Мүшел санау үрдістері қоғам мүшесінің әлеуметтену жағдайын, яки қоғамдағы орны мен мәртебесін белгілеуді білдірді.
Мүшелден мүшелге өту аралығындағы жаста адамға қауіп-қатер жуық болады деп есептеліп, тән мен жанның өзгеріске ұшырайтын тоқырау кезі, белесі деп саналды.
Қазақ халқында мүшел жас ерекше аталып өтетін жас. Жалпы бұл жаста не істеу керек, не істемеу керек? Бұл жастар неге ерекше саналады? Мүшел жасқа толғанда жасын жасырып жүру керек деген сенім бар. Не үшін? Қазақ есепшілері адам баласының 100 жасын бір ғасыр ғұмыр деп есептейді. Осы 100 жастың 50 жасын "ұйқылы өмір" немесе "барзақ ғұмыр", қалған 50 жасын "ояу тірлік" немесе "саналы ғұмыр" деп есептейді. Ал ояу тірліктің 15 жасын ойнақтаған балалық, 75-тен асқанын жер таянған кәрілік, сонда ортасында "қамшының сабындай қысқа ғұмыр" деп есептейтіні содан.
Бәріміз білетіндей қамыс буын-буыннан тұрады. Жел соққанда қамыс сол буынынан сынады. Дәл сол сияқты мүшел жас адам өмірінің буыны есептеледі. Қатерлі жас дейтіні сондықтан. Мүшел жас жұп сан болмайды.
Бірінші мүшел 13 жас;
Екінші мүшел 25 жас;
Үшінші мүшел 37 жас;
Төртінші мүшел 49 жас;
Бесінші мүшел 61 жас;
Алтыншы мүшел 73 жас;
Жетінші мүшел 85 жас;
Сегізінші мүшел 97 жас;
Тоғызыншы мүшел 109 жас.
Бірінші мүшел жасқа келгенде қазақтар "он үште - отау иесі" дейді. Осы жаста гормоналды өзгерістер болып, физикалық тұрғыдан пісіп жетіле бастайды. Бір үйге ие болатын, мал бағар жасқа келді деп жігіттерге баға берсе, қыз балалар ожау ұстар жасқа келді, қазан қайнатар жасқа ие болды дейді екен. Ол кезде ақыл-ой жағынан толық жетілмесе де, кейбір балалар өз жасынан жетік туылатын кездері болады. Сoндықтан мүшел жас кезінде баланың жақсы киімін таратып немесе бір малды құрбан шалып, ырым етіп, садақа береді. Өйткені сол кезде желік пайда болады. Қазақта мүшел жастың желігі деген бар. Жел соққан секілді мінезінде ұйытқу, қуану, ренжу, адам ауа-райы сияқты құбылмалы болады. Кейін ақырын орнына келеді.
Одан кейінгі 25 жас деген керемет жас. "15 жас, 25 жас, 35 жас үшеуі-үш күн қонған қонақ екен" деген қазақтың қара өлеңінде бар емес пе? Сондықтан 25-ке келгенде қасқырдай болады. Қуғанына жетеді, ұстағанын үгітеді. Ақылы да толықсып, оң-солын ажыратып, жан-жағын бағамдай алатын, басқаларға да сөзі өтімді бола бастайтын кезі. Қарап отырсақ, баяғы өткен батырлар мен шешендердің, көсемдердің, ел бастаған ерлердің барлығы 15-25 жас аралығында атой салған.
Осы жасқа келіп, өмірдегі екінші буынына, иіліміне келгенде тағы да садақасын береді, киімін, жақсы көретін нәрселерін таратады, сақ сынады. Содан кейін мүшел жасын жасырып, не бір жасқа артық, не кем айтады. Өйткені, нағыз толықсып, айы оңынан туып тұрған шағында тіл-көз тиіп кетеді деп есептейді.
25 жасқа толғанда дүркіретіп тойламайды. Тек бір жыл өткізіп жіберіп, не бір жыл алдын тойласа құп. Одан кейін мүшел жасқа толған жылдағы малды бауыздамайды, қан шығармайды. Қан шығарса, қауіп-қатер болады деп ырымдаған және мал сойғызбаған.
37 мен 49 жас та ең керемет жастар. Ел ағасы болып, басқаларға ақыл айтатын көрегенді жас. Тәжірибесі мол, піскен жас. Бұл кезеңде де садақа беруді ұмытпаған дұрыс. Алпыстан асқан ананың ақ батасын Алла Тағала пердесіз қабыл қылады деп сенген. Анасы бар үйде қараңғылық болмайды деп білген. Үй құты анада, бағы шаңырақта, қорғауда ер адамда тұрады деп ырым еткен. Үлкен абыроймен сыйлап, құрметтеген. Жастар бетінен алмаған. Алдынан кесе-көлденең өтпеген. Қатты сөз айтып, қамықтырмаған. Себебі ана жолы - үлкен жол. "Ананың ақылы - халықтың нақылы" деп білген.
61 жас - ата жас, пайғамбар жасы деп те жатады. Бұрындары 73, 85 жас қарттық жасқа жататын. Қазір ғылым, техниканың, мәдениеттің өркендеуімен орта жастағыдай жүретін болды.
Барлық мүшел жасты жиып келгенде сақ сынатын нәрселер: садақа береді, аңдарды бауыздамайды, жәндіктерді өлтірмейді, ең жақсы көрген затын сыйлап, үнемі садақа беріп отырады. Содан кейін басқаларға үнемі жақсылық істеп, тек жақсы ортада болып, желік қуып кетуден аулақ болуы керек. Мүшел жасында өте алыс сапарға шықпағаны дұрыс. Тіпті, қажет болса, жалғыз жүрмей, қасына жолсерік қосып, абай болғаны дұрыс.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.