Басты бет / Жаңалықтар / Жаңа тағайындаулар
Жаңа тағайындаулар

Просмотров: 2147

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің конкурстық комиссиясының шешімі негізінде Басқарма төрағасы Қ.Айтуғановтың бұйрығымен бірқатар кадрлық тағайындаулар болды.

         Сонымен, «Техникалық» факультеттің деканы болып т.ғ.к., доцент Ержан Советұлы Ахметов тағайындалды. Бұған дейін ол техникалық механика кафедрасын басқарған. Ержан Советұлы С.Сейфуллина ҚАТУ-дың түлегі.  

         «Жерге орналастыру, сәулет және дизайн» факультетінің деканы болып т.ғ.к., доцент Төлеубекова Жанат Зекенқызы тағайындалды.

         «Егіншілік және өсімдік шаруашылығы» кафедрасының меңгерушісі болып ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент Тұрбекова Арысгүл Сапараліқызы тағайындалды.

         «Экология» кафедрасының меңгерушісі болып биология ғылымдарының кандидаты Жұмаділов Булат Зұлхарнайұлы тағайындалды.

         «Сәулет және дизайн» кафедрасының меңгерушісі болып PhD докторы Қарабаев Ғани Айтбайұлы тағайындалды.

«Информатика» кафедрасының меңгерушісі болып техника ғылымдарының кандидаты Айнагулова Әлия Сиюндукқызы тағайындалды.

«Шетел тілдері» кафедрасының меңгерушісі болып педагогика ғылымдарының кандидаты Эльмира Айтқазықызы Өтеубаева тағайындалды.

«Электрмен жабдықтау» кафедрасының меңгерушісі болып экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Нүкешева Анар Жасқайратқызы тағайындалды.

Геодезия және картография басқармасының басшысы болып Әсем Серікқызы Тұяқбай тағайындалды.