Басты бет / Жаңалықтар / Органикалық егіншілікті дамыту семинарына шақырамыз!
Органикалық егіншілікті дамыту семинарына шақырамыз!

Просмотров: 584

Құрметті достар!

Сіздерді Қостанайдағы органикалық егіншілік және сертификаттау бойынша семинар - тренингімізге қатысуға шақырамыз.

Семинарды органикалық егіншілік саласындағы жетекші сарапшылары өткізеді.

2 тамыз 2024 ж.

Мекенжайы: «Қазақ тұлпары» ЖШС-нің демонстрациялық алаңдары, Қостанай облысы, Осиновка ауылы

Тренинг «Jańa Dala / Green Day 2024» мамандандырылған көрме-демонстрациясы аясында өтеді.

Біздің мақсатымыз – сізге органикалық егіншіліктің пайдасы туралы толық ақпарат беру, оның экономикаға, экологияға және өнім сапасына қалай әсер ететінін жеткізу. Сондай-ақ, мамандар ауыспалы егіс, , тыңайтқыштарды қолдану және зиянкестермен күресу бойынша ұсыныстарымен бөлісіп және органикалық өнімдерді өндіру, оларды сертификациялау талаптары туралы барлық сұрақтарыңызға жауап береді.

Семинар - тренинг фермерлерге, ауылшаруашылық мамандарына, мамандандырылған жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, сондай-ақ экологиялық таза өнім мен органикалық егіншілікке қызығушылық танытқандардың барлығына пайдалы болады.

Келіңіз және бізбен бірге органикалық егіншілік саласындағы жаңа мүмкіндіктерді талқылаңыз.

Сіздерді 2 тамызда семинарда күтеміз!