Просмотров: 419
2024 ж. 12 қыркүйегінде «Парасаттылық сағаты» аясында Университеттің агротехникалық факультеттің 1-курс студенттерімен кездесу өткізілді.
Іс-шараға Сейфуллин университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Ж.С. Жургенов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің басшысы Қ.А. Токушев, Агротехникалық факультеттің деканы Б.К. Аринов қатысты.
Кездесу барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің басшысы Қ.А. Токушев комплаенс қызметінің міндеттерімен таныстырды. Жастарды парасаттылық, әділдік, адалдық қағидаларын сақтауға, Университеттегі әр-түрлі қоғамдық үйірмелерге өз таңдау бағыттарына сәйкес, спорттық секцияларға және студенттік өмірге белсенді қатысуға, ғылым мен білімге ұмтылуға шақырды.
Басқосуда университет ғалымдарының студент-жастарға берер білімі, көрсетер жолы ұшан-теңіз екені айтылып, студенттердің биіктерге аяқ басып, биік шыңдарды бағын дыруларына тілектестік білдірілді.
Бүгінгі кездесудің лейтмотиві - мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Түпкі мақсатымыз – көшке ілесетін емес, сол көшті бастайтын елдердің қатарында болу», - деп айтқандай университет студенттерге білім береді. Тек студенттер қауымы сол межеге ұмытылуы керек дегенге сайды. Ал бұл – саналы ұрпақ пен сапалы ұлтқа тәуелді іс екені белгілі. Оның жолы – білім мен ғылымды уақыт талабына сай игеріп, адалдықты ту ету, елге шынайы қызмет етуді білдірсе керек.
Кездесуге екі жүзге тарта студенттер қатысты. Соңында өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.