Басты бет / Жаңалықтар / Бизнес қолдауы - студент болашағына инвестиция
Бизнес қолдауы - студент болашағына инвестиция

Просмотров: 332

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде Жер ресурстарын басқару институтының студенттеріне ТОО «QazaqZher» ЖШС атынан әлеуметтік қолдау сертификаттары табысталды.

Әлеуметтік серіктестік аясында компания екі студентке қолдау көрсетті. Атап айтқанда, бір студентке бір оқу жылына арналған оқу ақысын төлеуге, ал екінші студентке бір жыл бойы университет жатақханасында тұру шығындарын өтеуге сертификаттар табысталды.

Бұл бастама - әлеуметтік жауапты бизнестің жастардың білім алуына нақты қолдау көрсетуінің және университет пен серіктес ұйымдар арасындағы тиімді ынтымақтастықтың жарқын үлгісі.

Осындай қолдау студенттерге қаржылық жүктемені азайтып қана қоймай, олардың алаңсыз білім алып, кәсіби дамуына және болашаққа сеніммен қадам басуына мүмкіндік береді.

С. Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ ұжымы студенттерге көрсеткен қолдауы және жастардың білім алуына қосқан үлесі үшін ТОО «QazaqZher» ЖШС басшылығына шынайы алғысын білдіреді.

Университет әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын ұстанатын серіктестермен ынтымақтастықты жоғары бағалайды және студенттерді қолдауға бағытталған осындай игі бастамалардың жалғасын табатынына сенім білдіреді.