Басты бет / Жаңалықтар / Жолдау - Жаңа Қазақстанның бір баспалдағы
Жолдау - Жаңа Қазақстанның бір баспалдағы

Просмотров: 1230

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің оқытушылары мен студенттері  Қазақстан Республикасының  Президенті Қ.К.Тоқаевтың биылғы жылғы 1-қыркүйектегі  "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты  Қазақстан халқына арналған жолдауын жан-жақты талқылады. Отырысты ректор Айтжан Абдыров жүргізді.

         Отырыста Тарих ғылымдарының докторы,  Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры Нұрбаев Қайырболат Жакенұлы мен саясаттану ғылымдарының кондидаты Мухамбеткалиева Гүлайым Махамбетқызы арнайы баяндама жасап, жолдаудың маңыздылығы мен негізгі басым бағыттарын ортаға салды.  Баяндамашылар Президент жолдауының ерекше тұстары мен білім саласына басымдық берілген мақсатты бөлімдеріне арнайы тоқталып, елімізде болашақ білім мен ғылым  жүйесінде болатын өзгерістер турасында сөз қозғады.

         Сөз соңында ректор жолдауды еліміздің әр азаматы оқып танысып отыру керектігін баса айтты. Себебі мемлекет басшысының халыққа арнаған жолдауы ол еліміздің даму баспалдағы. 

-Біз Жаңа Қазақстанды құру үшін кез келген маңызды шараға белсене қатысып өз пікірімізді білдіріп отыруымыз қажет. Әсіресе студент жастар мұндайдан тыс қалмауы тиіс. Себебі сіздер еліміздің болашағысыздар,- деді А.Абдыров.