Просмотров: 714
Құрметті C.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ-нің «Бизнес және менеджмент», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» оқу бағыттары бойынша оқитын бакалавриат студенттері!
ERASMUS+ жобасының «Learning mobility for higher education students and staff between EU Member States and third countries associated to the Programme» «KA171 (International Credit Mobility)», аясында 2024-2025 оқу жылының көктемгі семестріне (ақпан-маусым) Прагадағы Чехия Жаратылыстану Ғылымдары университетіне (бұдан әрі – CZU) академиялық ұтқырлық бойынша «Бизнес және менеджмент», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» оқу бағыттары бойынша магистранттар мен докторанттарды іріктеу жүргізілетінін хабарлаймыз.
CZU жобасының талабына сәйкес академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін студенттердің максималды саны – 1 адам (бес айға), болып белгіленген, сондықтан үміткерлерді іріктеу мұқият жүргізіледі.
Конкурстық іріктеуге қатысуға үміткерлер 2024 жылдың 5 қарашада сағат 17:00-ден кешіктірмей қажетті құжаттармен бірге өтінім беруі қажет.
Үміткерлер келесі құжаттарды қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде ұсынуы қажет:
• Түйіндеме (резюме)
• B1/B2 деңгейінен төмен емес ағылшын тілі сертификаты (осы немесе одан жоғары деңгейдегі жарамды халықаралық сертификаттың болуы үлкен артықшылық болады). Іріктеудің екінші кезеңінде үміткерлер CZU комиссиясының мүшелерімен ағылшын тілінде онлайн сұхбаттан өтеді.
• Ынталандыру хаты (үміткерлер өздерін таныстырып, шәкіртақыны не үшін тура сол адам жеңіп алуы керектігін негіздеуі керек. Үміткерлер өздерінің хоббилері, қызығушылықтары туралы айтып беріп, университетте немесе әртүрлі мекемелерде, және т.б. жергілікті қауымдастықтарда атқарған еріктілер жұмысын тізіп көрсетуі керек. Сонымен қатар (бар болған жағдайда) өздерінің халықаралық тәжірибесі мен жетістіктері туралы баяндап беру керек).
• Транскрипт
• Паспорттың көшірмесі (Өтініш берушіде, академиялық ұтқырлық аяқталғаннан кейінгі уақыттан кемінде 1 жылға көлеміне жарамды паспорт болуы тиіс).
Халықаралық қатынастар департаменті (ХЫжАҰД) тарапынан құжаттарды дайындау үшін, визалық және консулдық қолдауды ұйымдастыру үшін 2024 жылдың 5 қарашадан кейін құжаттар қабылданбайды, сондықтан мерзімдерді қадағалаңыз.
Халықаралық қатынастар департаментінің бас менеджері (ХЫжАҰД) С. Калиеваға international@kazatu.kz +77172317719, +77781333577+77015244555 тапсырылуы керек.
Үміткерлердің толтыруы үшін сауалнама нысандары қоса беріледі
Білім алушының сауалнамасы ( бакалавриат студенті )
Эразмус+ бағдарламасы байқауына қатысушысына
Тегі, аты, әкесінің аты (толық) |
|
Факультет |
|
Курс |
|
Оқу бағыты |
|
Білім беру бағдарламасы |
|
Байланыс телефон нөмірі |
|
|
|
Алмасу бағдарламаларына қатысу тәжірибесі (бағдарламаның атауы, қатысу мерзімі) |
|
Мемлекет |
|
ЖОО |
|
Ағылшын тілін меңгеру деңгейі |
|
Мен академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу мақсатында жоғарыда аталған жеке деректерді өңдеуге және оны үшінші тұлғаларға (серіктес университеттерге) беруге келісемімді беремін.
Мен шетелге шығуды рәсімдеу тәртібімен таныспын.
Өтінім формасына келесі құжаттарды қоса беремін:
1 |
Барлық оқу кезеңін қамтитын академиялық анықтама |
2 |
Шет тілін меңгеру деңгейін растайтын құжат |
3 |
Түйіндеме (CV) |
4 |
Мотивациялық хат |
5 |
Паспорттың көшірмесі |
_________________ _____________________
Студенттің қолы Қолдың түсіндірмесі, күні
Аталған студенттің академиялық немесе қаржылық қарыздары мен тәртіптік жазалары жоқ.
Факультет осы білім алушыны конкурсқа қатысуға ұсынады.
______________________ ___________________________
Деканның/декан орынбасарының қолы Қолдың түсіндірмесі, күні
______________________ ___________________________
Кеңесшінің қолы Қолдың түсіндірмесі, күні
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.