Просмотров: 625
2025 жылғы 5 маусымда С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті базасында «Кәсіптік оқыту (бейіні бойынша)» кадрларды даярлау бағыты бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктің, Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің кезекті отырысы «ҚР жоғары оқу орындарының кәсіптік оқыту бағыты бойынша кадрлар даярлаудағы ынтымақтастығы» тақырыбында өткізілді.
Отырыста Компьютерлік жүйелер және Кәсіптік білім беру факультетінің деканы, п.ғ.д., профессор Ибышев Ержар Садуахаұлы құттықтау сөзін сөйледі.
Отырыс барысында келесі баяндамалар тыңдалды:
- Беларусь Республикасында кәсіптік білім берудің қазіргі жағдайы.
Голубовский Валерий Николаевич, п.ғ.к., доцент, Республикалық кәсіптік білім беру институтының Ректоры. (Беларусь);
- Кәсіптік оқыту білім бағдарламаларын цифрлық трансформацияға және практикалық дағдыларға бағыттау арқылы еңбек нарығының сұранысын қанағаттандыру.
Байбатшаева Айдайқыз Еркінбекқызы п.ғ.к., доцент м.а. Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері кафедрасы Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік педагогикалық университеті;
- Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін педагогикалық даярлау білім беру бағдарламаларында "Minor" және траекторияларды қолдану перспективалары.
Рахметова Нурзия Байтукешевна п.ғ.к, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің "Кәсіптік білім" кафедрасының профессор м.а.;
Баяндамаларды тыңдағаннан кейін отырысқа қатысушылар белсенді түрде Қазақстан республикасында кадрларды кәсіби даярлаудағы жоғары оқу орындарының ынтымақтастығын арттыру төңірегіндегі өзекті мәселелерді талқылап, пікір алмасты.
«Кәсіптік білім беру» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент, РОӘК төрағасының орынбасары Есекешова Марал Дүйсенейққызы қорытынды сөз сөйлеп, ол отырысқа қатысушылар мен ОӘК мүшелеріне белсенділік танытып жемісті жұмысы жасағандары үшін «Алғыс хат» табыстап, ризашылық білдірді.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.