Просмотров: 480
2025 жылғы 10–12 желтоқсан аралығында С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің оқытушылар делегациясы құрамында PhD докторы С.К. Макенова, PhD докторы Ж.А. Исина және ғылым магистрі О.С. Музыка Беларусь ұлттық техникалық университетіне (БҰТУ, Минск қ.) университеттің 105 жылдық мерейтойын атап өту аясында сапармен барды.
Делегация құрамында PhD докторы С.К. Макенова, PhD докторы Ж.А. Исина және ғылым магистрі О.С. Музыка болды.
Беларусь ұлттық техникалық университеті – Беларусь Республикасындағы жетекші техникалық жоғары оқу орындарының бірі. Университет халық шаруашылығының түрлі салалары үшін білікті инженер мамандар даярлап, Орта және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен, Қытай Халық Республикасымен және Ресей Федерациясымен белсенді халықаралық ынтымақтастық орнатқан.
С. Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ Қазақстан Республикасынан БҰТУ-мен бірлескен білім беру бағдарламалары мен қос дипломды жобаларды жүзеге асыратын алғашқы жоғары оқу орны атанды.
Сапар барысында тараптар өзара ынтымақтастықтың болашағын талқылап, бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру тәжірибесімен алмасты. Сонымен қатар, делегация БҰТУ-дың бірқатар құрылымдық бөлімшелерінің қызметімен танысты, атап айтқанда:
• БҰТУ–ТТУ бірлескен инженерлік-техникалық факультеті (Тәжікстан);
• БҰТУ–ТМТУ бірлескен факультеті (Өзбекстан Республикасы);
• Халықаралық қашықтан білім беру институты;
• БҰТУ жанындағы Ғылым және техника жөніндегі Конфуций институты (Қытай Халық Республикасының Солтүстік-Шығыс университеті).
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.