Басты бет / Жаңалықтар / С. Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ студенттері мен оқытушылары FLORA EXPO ASTANA–2026 және GROW EXPO ASTANA–2026 халықаралық көрмелеріне қатысты
С. Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ студенттері мен оқытушылары FLORA EXPO ASTANA–2026 және GROW EXPO ASTANA–2026 халықаралық көрмелеріне қатысты

Просмотров: 400

2026 жылғы 8–10 сәуір аралығында Астана қаласында XIII Халықаралық гүл өсіру және көгалдандыру көрмесі FLORA EXPO ASTANA–2026, сондай-ақ XIII Халықаралық жылыжай жабдықтары мен өсімдік өсіру технологиялары көрмесі GROW EXPO ASTANA–2026 өтті.

Іс-шараларды ұйымдастырушы — «Астана Экспо КС» көрме компаниясы.

Көрмелерге С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы институтының «Ландшафттық дизайн» білім беру бағдарламасының студенттері мен оқытушылары белсенді қатысты.

Көрме аясында университетке арнайы стенд бөлініп, онда «Ландшафттық дизайн» білім беру бағдарламасының оқытушылары келушілерге университет пен білім беру бағдарламалары туралы кеңес берді. Көрме барысында «Ландшафттық дизайн және көгалдандыру» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы Иралина А.Т. «Тұрақты қалалық ортаны қалыптастыру үшін ландшафттық дизайн және көгалдандыру мамандарын даярлау» тақырыбында баяндама жасады, ал «Орман-парктік шаруашылық» білім беру бағдарламасының 2-курс магистранты Каримова Алуа стартап жобасын ұсынды. Университет өкілдері гүл өсіру, көгалдандыру және жылыжай технологиялары саласындағы заманауи үрдістермен танысты. Әсіресе, ландшафттық жобалау саласындағы инновациялық шешімдер, сәндік өсімдіктердің ассортименті, сондай-ақ жылыжай кешендерін автоматтандырудың жаңа технологиялары ерекше қызығушылық тудырды.

Халықаралық көрмелерге қатысу студенттердің кәсіби білімдерін кеңейтіп, саланың дамуымен тәжірибелік тұрғыда танысуына, сондай-ақ бизнес өкілдері мен сарапшылар қауымдастығымен байланыс орнатуына мүмкіндік берді. Ал оқытушылар білім беру процесіне әлемдік озық тәжірибелерді енгізудің маңыздылығын атап өтті.

Іскерлік бағдарлама аясында қатысушылар Астана қаласының қоғамдық кеңістіктерін трансформациялау, ландшафттық дизайнның елдің мәдени кодының көрінісі ретіндегі рөлі, флористикалық дизайн, гүл бизнесінде жасанды интеллектті практикалық қолдану, әртүрлі дақылдарды өсіру стратегиялары мен жарықтандыру мәселелері, сондай-ақ жаңа буын аграрийлерін даярлау тақырыптарына арналған семинарлар мен презентацияларға қатысты.

Осындай іс-шараларға қатысу ландшафттық дизайн және көгалдандыру саласындағы мамандарды даярлау сапасын арттыруға, сондай-ақ ғылым, білім және өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді.