Просмотров: 694
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде «Қазыналы қарттарым» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Агрономиялық факультетінің акт залында өткен шараға университеттің ардагерлері, оқытушылар мен студенттер қатысты.
Мерекелік кеш «Әшекей» қазақ биімен басталып, концерттік бағдарлама студенттердің ұлттық аспаптар ансамблі «Шабыттың» орындауындағы Нұрғиса Тлендиевтің «Әлқисса» шығармасымен жалғасты. Сонымен қатар, университеттің дарынды студенттері қарттарымызға арналған «Асыл әже», «Синяя вечность», «Перзент парызы» сияқты әндерді орындады.
Шара барысында жүргізушілер қарттарымыздың өмір жолдары мен үлгі боларлық еңбектері туралы жылы лебіздерін жеткізіп, олардың еліміздің дамуына қосқан зор үлесін атап өтті. Мерекелік бағдарламаның соңында барлық қатысушылар «Өз елім» әнін орындап, қарияларға деген құрмет пен алғыс сезімдерін білдірді.
Бұл шара қарттарымызды құрметтеп, олардың тәжірибесін, даналығын бағалаудың маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті. Университет ұжымы болашақта да осындай игі бастамаларды жалғастыра беруге ниетті.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.