Басты бет / Жаңалықтар / С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде Лейн Киркланд атындағы Стипендиялық бағдарлама өкілдерімен кездесу өтті
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде Лейн Киркланд атындағы Стипендиялық бағдарлама өкілдерімен кездесу өтті

Просмотров: 1767

Кездесуді Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық департаментінің директоры Утеубаева Эльмира Айтқазиевна ашты. Іс-шараға университеттің жас ғалымдары, докторанттары мен магистранттары қатысты.

Бағдарлама туралы оның директоры Уршуля Собецка жан-жақты ақпарат берді. Постстипендиялық жобалар үйлестірушісі Йоанна Станиславска түлектерді қолдау тәжірибесі мен болашақтағы ынтымақтастық мүмкіндіктерімен бөлісті.

Кездесуде жас зерттеушілер үшін бағдарлама ашатын академиялық және кәсіби мүмкіндіктер кеңінен таныстырылды. Бизнес және цифрлық технологиялар институтының директорының міндетін атқарушы, осы бағдарламаның түлегі Сабырова Мадина Елемесқызы өз тәжірибесімен бөлісті. Ол халықаралық білім беру бастамаларының кәсіби және тұлғалық дамудағы маңыздылығын атап өтті.

Қатысушылар өтінім беру ережелері, іріктеу критерийлері және болашақ стипендиаттарға ашылатын перспективалар жөнінде сұрақтарына жауап алды.

Кездесу жылы әрі нәтижелі атмосферада өтіп, университеттің халықаралық академиялық ынтымақтастығын нығайтудағы маңызды қадамға айналды.