Басты бет / Жаңалықтар / С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің ректоры белсенді жастармен кездесті
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің ректоры белсенді жастармен кездесті

Просмотров: 489

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде Басқарма төрағасы – Ректор, ҚР ҰҒА академигі Қанат Маратұлы Тіреуовтың университеттің белсенді жастарымен кездесуі өтті.

Кездесу барысында ректор студенттердің университеттің қоғамдық-әлеуметтік өміріне белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтіп, олардың студенттік ортаны дамытуға қосып жүрген үлесін жоғары бағалады.

Іс-шара аясында университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін студенттерге Сәкен Сейфуллин атындағы медальді табыстау рәсімі өтті.

Сәкен Сейфуллин атындағы медальмен марапатталғандар:

  • Ибраев Шерхан Қанатбекұлы, Ветеринария және мал шаруашылығы институтының 5 курс студенті — университеттің қоғамдық-әлеуметтік өміріне қосқан елеулі үлесі және студенттік ортаны дамытудағы белсенді қызметі үшін;
     
  • Құрбанғали Аружан Мелдеханқызы, Ауыл және орман шаруашылығы институтының 4 курс студенті — студенттік парламент ұйымының екі жыл бойы төрайымы;
     
  • Сәдуақасов Еламан Әдиұлы, университеттің 2025 жылғы түлегі — студенттік ортаны дамытуға белсенді қолдау көрсеткені үшін;
     
  • Жұмабай Балауса Ермекқызы, Ауыл және орман шаруашылығы институтының 1 курс студенті — университет имиджін әлеуметтік желілерде ілгерілеткені үшін;
     
  • Жанболатқызы Назерке, Инжиниринг және азық-түлік технологиялары институтының 3 курс студенті — университеттің студенттік өмірін әлеуметтік желілерде белсенді насихаттағаны үшін.
     

Аталған іс-шара студенттік бастамаларды қолдауға, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға және білім алушылардың университеттің қоғамдық-әлеуметтік дамуына қосқан үлесін ынталандыруға бағытталды.