Басты бет / Жаңалықтар / С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-де Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған ғылыми-танымдық кеш өтті
С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-де Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған ғылыми-танымдық кеш өтті

Просмотров: 464

С.Сейфуллин ат. ҚАТЗУ-нде ұлы ғалым, ағартушы, ориенталист, этнограф, тарихшы және саяхатшы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың 190 жылдық мерейтойына арналған маңызды ғылыми-танымдық іс-шара өтті.

Іс-шараны т.ғ.к., Гуманитарлық-педагогикалық ғылымдар институтының оқытушысы, Қазақстан тарихы кафедрасының қауымдастырылған профессоры Габдулина Айнур Жумагазыевна ұйымдастырды.

Бағдарлама аясында Астана халықаралық университетінің Өнер және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің «Тарих» бағдарламасының жетекшісі – Меруерт Докторханқызы Тлебалдина мазмұны терең, ғылыми құндылығы жоғары қонақ лекциясын оқыды. Лекция барысында Ш. Уәлихановтың ғылыми мұралары, зерттеушілік әдістері, саяхаттарының тарихи маңызы және қазақ қоғамы мен Орталық Азия тарихындағы рөлі жан-жақты талқыланды.

Қонақ лекция студенттердің тарихи санасын кеңейтіп, ұлы тұлға туралы білімдерін тереңдетті.

Лекциядан кейін Шоқан Уәлихановтың 190 жылдық мерейтойына орай бірінші курс студенттері арасында өткен видео-интервью және шығармашылық конкурс жеңімпаздары мен қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті.

Конкурс студенттердің креативті ойлауын, режиссерлік және сценарийлік дағдыларын дамытуға, тарихи контентпен жұмыс істеу тәжірибесін қалыптастыруға бағытталды.

Жеңімпаз және жүлдегер студенттер:

Айдарбекова Гүлназ, Абдразаков Өмірзак, Ишанбек Бекзат, Арчаков Мовсар, Ахметолла Әлібек, Богданова Алина, Верховская Анастасия, Жарылқасымова Дайана, Амангелді Айсұлу, Амангелді Нұршат, Шаңғысканов Амир, Оралбаев Мадияр, Бағдат Имран, Байзах Мерей, Иркатанова Әдина, Жұмагұлова Камилла, Аксенов Глеб, Күсенова Гүлмира, Колесникова Мария, Дос Інкәр, Тойшибекова Айша, Филлипов Диас, Умар Гүлназ, Коваленко Алина, Хозаева Зухра, Акрамова Шахзода.

Қатысушыларға дипломдар, грамоталар және сертификаттар табысталды.

Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, студенттердің тарихи білімін тереңдетуге, ғылыми қызығушылығын арттыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға зор мүмкіндік берді. Сонымен қатар, конкурс барысында студенттер бейнеролик дайындау, режиссерлік шешім қабылдау, сценарий құру сияқты заманауи дағдыларды меңгерді.

Бұл мерейтойлық шара жас ұрпақтың ұлттық тарихқа деген қызығушылығын арттыруға, Ш. Уәлиханов мұрасын насихаттауға бағытталған маңызды қадам болды.