Просмотров: 779
2025 жылғы 21 мамырда "Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті" КеАҚ-да Пенсильвания мемлекеттік университеті (АҚШ) делегациясының ресми сапары өтті. Сапардың мақсаты - бірлескен ғылыми зерттеулер мен академиялық ұтқырлықты дамыту.
Делегация құрамына серіктестік келісімдері және еуразиялық әріптестік жөніндегі директордың орынбасары, философия докторы, іскерлік әкімшілендіру магистрі Владислав Лихолетов және менеджмент мектебінің қауымдастырылған профессоры Филлип Джолли кірді.
Қонақтарды Басқарма Төрағасы – ҚазАТЗУ Басқарма төрағасы-Ректоры, ҚР ҰҒА академигі Қ.М.Тіреуов қабылдады. Өз сөзінде университет басшыс жаһандық сын-қатерлер жағдайында халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, өзара іс-қимылдың басым бағыттарын: бірлескен білім беру бағдарламалары, академиялық алмасулар, қос дипломдар, жазғы мектептер мен ғылыми платформаларды атап өтті.
ҚазАТЗУ тарапынан кездесуге проректорлар Р.Д. Әбішева мен Е. О. Сырғалиев, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Э. А. Өтеубаева қатысты.
Америкалық әріптестер серіктестікті кеңейтуге қызығушылық білдіріп, бірлескен бастамалардың жоғары әлеуетін атап өтті.
Сапар бірлескен суретке түсірумен және университеттер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту жөніндегі уағдаластықтармен аяқталды.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.