Просмотров: 1729
2024 жылдың қазан-қараша айларында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің бірінші курс студенттеріне арналған «Біз салауатты өмір салты үшін» тақырыбында дәрістер өтті. Шараға медицина саласының мамандары С.А. Мұхамедьярова, О.Б. Атанғұлова, Г.А. Сауқымбай және Б.А. Ұзакова қатысып, маңызды мәселелерге тоқталды.
Дәрістер барысында студенттерге салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы, дұрыс тамақтану, дене шынықтырудың рөлі, зиянды әдеттерден аулақ болу, телефон сәулесінің зияны мен кеш ұйықтаудың денсаулыққа әсері туралы құнды ақпараттар берілді.
Салауатты өмір салтын сақтау физиологиялық және психикалық процестердің тұрақтылығына, түрлі аурулардың алдын алуға және өмір сапасын жақсартуға ықпал ететіні баса айтылды. Сонымен қатар, медицина мамандары барлық студенттердің сұрақтарына жауап беріп, кеңестер ұсынды.
Ауқымды кездесулерге жалпы саны 3 875 студент қатысып, өздерінің денсаулық сақтау туралы білімдерін толықтырды. Бұл шара университет жастарын салауатты өмірге ынталандыруға бағытталған маңызды қадам болды.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.