Просмотров: 340
2026 жылғы 15 ақпанда С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде «Сарыарқа» спорт кешенінде Ауған соғысының батыры, «Қара майор» атанған Борис Төкенұлы Керімбаевты еске алуға арналған және С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті Басқарма төрағасы – Ректор жүлдесі үшін студенттер арасындағы бокстан V республикалық ашық турнирдің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Турнир 15–18 ақпан аралығында өткізіліп, салауатты өмір салтын насихаттауға, студенттік спортты дамытуға, жастар арасындағы достық байланыстарды нығайтуға және боксты басым спорт түрлерінің бірі ретінде қолдауға бағытталған.
Ашылу салтанатына университет басшылығы, спорт ұйымдарының өкілдері, ардагерлер, жаттықтырушылар, сондай-ақ студенттер мен құрметті қонақтар қатысты.
Салтанатты рәсім барысында Борис Керімбаевтың өмір жолы мен ерлік істеріне арналған бейнеролик ұсынылды. Ол Ауған соғысы жылдарында көрсеткен батылдығы мен стратегиялық шеберлігі үшін «Қара майор» деген лақап атқа ие болған аңыз тұлға ретінде таныстырылды.
Құттықтау сөз сөйлеген Басқарма төрағасы – Ректор, ҚР ҰҒА академигі, ғылым докторы Қанат Маратұлы Тіреуов бұқаралық спортты дамытудың маңызын атап өтіп, жастарды патриотизм рухында тәрбиелеудің мәніне тоқталды. Сондай-ақ құрметті қонақтар мен ардагерлер де ізгі тілектерін білдірді.
Шара аясында турнирдің төрешілер алқасы таныстырылып, патриоттық музыкалық композициялардан тұратын мәдени бағдарлама ұсынылды.
Іс-шара соңында турнир ресми түрде ашық деп жарияланды. Бұл жарыс тек мықты спортшыларды анықтауға ғана емес, Борис Керімбаевтың ерлік мұрасын ұлықтауға, жастар арасында патриотизм, батылдық пен бірлік рухын нығайтуға бағытталған тағылымды дода болып табылады.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.